Жамбыл облыстық  туберкулезге  қарсы диспансерінің
бас дәрігері
Қайрат Қыдырәліұлы Жетібаевтің
                                                        Өмірбаяны                                                        
 

     Кайрат  Кыдыралиевич   Жетибаев,  1967 жылы туған, ұлты-қазақ, білімі-жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.  1990 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтын бітірген.  2004 жылы Мемлекеттік Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетіне түсіп,  2006 жылы  аталған  университет бакалавриатының  «менеджмент»   мамандығы бойынша толық курсын үздік бітірген.
1990 жылдан 1991 жылға дейін Тараз каласы N1 қалалық жедел жәрдем ауруханасында  интерн-дәрігері және             1996 жылға дейін осы ауруханада травматолог дәрігері болып жұмыс істеген.
1996 жылдан 2015 жылдың 26 қаңтарына дейін Облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарған. 2015 жылдың 26 қаңтарынан Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері болып жұмыс істейді.
К.К.Жетибаев жұмыс істеген уақытында денсаулық сақтау саласында жақсы білікті ұйымдастырушы қабілетін көрсетті, тәртіпті, өзіне және қарамағындағы қызметкерлерге жоғары талап қоя білетін басшы ретінде өзін көрсете білді. Білімді, өз ісін жетік білетін, тәжірибелі және білікті маман. Туберкулезге қарсы қызметтің ерекшелігі мен қиындығын ескере отырып, кәсіби  біліктілігін  көтеру  үшін  үнемі жұмыс жасайды.
Алматы қаласы 1998 жылы 11.XII-12.XII -де өткен V фтизиатрлар съезінің делегаты.
Көкшетау облысы "Боровое" санаториясындағы 2000 жылы 25.V-26.V-да өткен "Туберкулез санаториясының DOTS стратегиясын іске асырудағы міндетті" атты семинарға қатысты.
Алматы қаласындағы 2001 жылы 25.VI-29.VI аралығында Қазақстан Республикасы туберкулез проблемасының ұлттық орталығында өткен конференцияға қатысты.
Шымкент қаласында 2009 жылы 10.ҮІ -де аккредитацияға дайындық атты семинарға қатысты.
К.К.Жетибаев - жоғарғы санатты ұйымдастырушы дәрігер -фтизиатр.
Облыс көлемінде   туберкулезге қарсы қызметті ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысады,  ауруханадағы  DOTS бағдарламасын дер кезінде орындалуын қадағалайды.
К.К.Жетибаевтің тікелей инициативасы бойынша балалар аурухана комплексінің құрылысы «Тараз-2000» салынатын құрылыс объектілерінің жоспарының тізіміне енгізіліп және сол 2002 жылы салынып, пайдалануға берілді.  Сонымен қатар, балалар ауруханасы қазіргі заманға сай медициналық жабдықтармен, жұмсақ және қатты инвентарьмен жаңаланып жабдықталды.
2011 жылы К.К. Жетибаевтың бастамасы бойынша облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасына қаржы бөлініп, 50 төсектік емдеу корпусы мен 70 балаға арналған оқу ғимараттары пайдалануға берілді.
К.К.Жетибаев салауатты өмір салтын насихаттауда көп еңбек жүргізіп жатыр, бұрыңғы спортсмен, СССР спорт шеберінің кандидаты, емдеу-сауықтыру мекемелер арасында өткізілетін спорттық іс-шараларына  белсене  қатысады.
2008 жылдан бастап «Нұр Отан» Халықтық демократиялық
партиясының Тараз қалалық филиалының №50 бастуыш партия ұйымының төрағасы.
2010 жылдан «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.
2010 жылдан «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Тараз қалалық филиалының «Жемқорлыққа қарсы» қоғамдық кеңесінің төрағасы.
2011 жылғы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының кезекті XIII-съезінің және кезектен тыс XIV -съезінің делегаты.
            Республикалық және облыстық газет -журналдарда денсаулық тақырыбында көптеген мақалалар басылымға шықты.
 
 


Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік марапаттауларымен марапатталған және марапатталған уақыты:
- 2002 жылы -Жамбыл облысы Әкімінің «Құрмет грамотасымен» 1 қазанда марапатталды.
- 2002 жылы «Хабар» Агенттігінің бас директорының Алғыс хатын алды
- 2005 жылы Қазақстан Республикасы халқына денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін омырауға тағатын «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі » төс  белгісімен марапатталды.
 - 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алқыс хатымен » марапатталды.
 - 2011 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалімен  наградталды.


-
-


-2013 жылы Тәуелсіздік   күні  құрметіне  орай  грамотамен марапатталды.    (Б.Қарашолақов) 
 2013 жылы Жалпы Мемлекеттік  Республикалық  Қазақстан экономикасының кәсіпорын - көшбасшыларын «Салалар көшбасшысы -2013ж  марапаттау рейтингі бағдарламасы – «Салалар көшбасшысы  2013» - Ұлттық серификаты берілді  және «Салалар көшбасшысы 2013» естелік медалімен марапатталды.
Саяси-идеялық дәрежесін үнемі арттырып тұрады. Облыс көлемінде атқарылып жатқан іс-шараларға белсене араласқаны үшін :
-2009 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы, Отанымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.
       -2013 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы, бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі және Медицина қызметкерлерінің  күні мерекесіне орай құрмет грамотасымен марапатталды.  
        -2014 жылы «Қазақстан маслихаттарына  20 жыл» Юбилей медалімен мараптатталды.
- 2012 жылдан Тараз қалалық мәслихатт депутаты.
Үйленген, 4 қыз, 1 ұл баласы бар.