Жамбыл облысында 1938 жылы амбулаторлық үлгідегі туберкулез диспансері ашылды, 1940 жылдың 4 сәуірінде №128 бұйрықпен 10 төсектік  стационар ашылды. Оның бірінші басшысы болып дәрігер-фтизиатр   М.Т. Инкаров тағайындалды, ол жергілікті материалды біріктіріп, облыстың тәжірибелік дәрігерлері арасында алғашқылардың бірі болып туберкулез мәселесі бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

 

Туберкулез диспансері Коммунистическая көшесі, 23 мекен-жайында орналасқан ғимаратқа ауыстырылып, өз штаттарын екі есе көбейтіп, 4 штаттық дәрігерлік бірлік алады. 

 

1942 жылы 15 төсекттік стационар ашылып , 2 дәрігер жұмыс істеді, зертхана болған жоқ, ал бүкіл қалаға бір ғана рентген кабинеті болды.

 

Облыстық тубдиспансердің стационарлық бөлімі бұрынғы Фурманов көшесі, 38 мекен-жайындағы бұрынғы керуен-сарайдың ескі ғимаратында орналасты, қуаты ұлғайған жоқ, 15 төсек болды. Облыстық туберкулезге қарсы диспансер (ОПТД) 1947 жылы штаттармен толық жасақталып, 1959 жылы 100 төсек және 10 дәрігер болды, 1 клиникалық зертхана және 1 рентген кабинеті болды.

 

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 11.12.1947 жылғы №196 бұйрығымен облыстық тубдиспансер өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарға арналған стационармен туберкулезге қарсы бірыңғай мекемеге біріктірілді, ол облыстың туберкулезге қарсы қызметінің ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып табылады.

 

1950 жылдың қараша айынан бастап облыста алғашқы флюорографиялық қондырғы жұмыс істей бастады, қала орталығында флюорографиялық орталық ұйымдастырылды, оны ұзақ жылдар бойы шебер ұйымдастырушы Михасик Виталий Федорович басқарды. 1962 жылы 25 төсектік хирургиялық бөлім ашылды.

 

Диспансер бөлімі 1967 жылдан бастап учаскелік қағида бойынша жұмыс істей бастады, диспансерлік бөлімді – Винс Петр Петрович, Мырзахметов Салыбек Рысбекұлы басқарды, қазіргі уақытта Есмұрат Әскер Тасқалиұлы басқаруда. Ұйымдастыру-әдістемелік кабинетін 1998 жылға дейін Кошумова Наталья Кажимовна басқарды, қазіргі уақытта Жолдасова Гүлзия Сәбитқызы басқаруда. 1974 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің типтік ғимаратының құрылысы басталды, ол 1990 жылдың мамыр айында іске қосылды және жоспарлы қуаты 200 төсекке арналды. Алайда, іс жүзінде 405 төсек орын ашылды.

 

1974 жылдан 1980 жылға дейін фтизиохирургиялық төсектер қайта бейінделіп, 60 төсектік өкпе-диагностикалық бөлімі құрылды, мұнда барлық өкпе ауруларына сараланған диагностика және емдеу шаралары жүргізілді. Осы уақытта туберкулезбен ауыратын науқастарды жедел емдеу темір жол тубдиспансерінде 100 төсектік фтизиохирургиялық бөлімі базасында жүргізді.

 

1980 жылы ОПТД-дің жаңа ғимараты іске қосылғаннан кейін  фтизиохирургиялық бөлімі 105 төсекке жұмыс істей бастады, оның құрамында 35 торакалды төсек болды. Қазіргі уақытта торакальды бөлім 90 төсекке арналған, оның ішінде 10 төсегі туберкулездің өкпеден тыс түрін емдеуге арналған. Сонымен қатар, туберкулезге қарсы мекемелер мен қосалқы қызметтердің өсуі және нығаюымен қатар, оларсыз жұмысты ғылым мен техниканың жетістіктері деңгейінде ғылыми негізді түрде жүргізу мүмкін емес және ғылыми-зерттеу институттарының ұсынымдарына сәйкес денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-білікті кадрлардың және арнайы мамандардың саны да өсті. 1959 жылы 15 дәрігер болған, ал қазіргі уақытта 73 дәрігер бар. Олардың ішінде екі медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігерлері ғылыми дәрежесі бар - 2, денсаулық сақтау үздігі төс белгісімен – 7 дәрігер марапатталды. Қазіргі уақытта ОПТД-де бактериологиялық зертхана жұмыс істейді, онда генетикалық-молекулалық деңгейде туберкулездің белсенділігі мен түрлері анықталады. Бұл Джейн эксперт,Хайн-тест  және Бионер.

 

1965 жылдан бастап ОПТД-де дайындалған уролог  және 50 төсектік урогенитальды бөлім құрылды, қазіргі уақытта фтизиоурогениталды (өкпеден тыс) төсектер торакальды хирургиялық бөлімінің құрамында, ал 1980 жылдан бастап – фтизиогинеколог болып Куралбаева Данегул Дарушевна жұмыс істеді. 1974 жылдан бронхологиялық зерттеулер жүргізіле басталды.   

                                                                                                                         

Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің орынбасарлары болып 1975 жылға дейін Мельникова Лидия Георгиевна,

 

1975 жылдан 1987 жылға дейін Шораев Қайсар Сәкенұлы,

 

1987 жылдан 2003 жылға дейін Сабазова Дариға Әбілдақұлқызы,

 

2003 жылдан 2009 жылға дейін  Кабдрахимова Айман Ахраповна,

 

ал 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін Арымбаев Дәулет Әмребекұлы жұмыс істейді.

 

Бөлім меңгерушілері болып: фтизиохирургтер - Клат Александр Карлович, Плугин Виктор Иванович жұмыс істеді, ал қазіргі уақытта бөлімді Талғат Тәжікенұлы Аяпов басқарады. Онымен бірге кеуде хирургиясы бойынша белгілі мамандар Мұхамед Қойшыманұлы Қангиреев, Геннадий Сергеевич Пак жұмыс істеді.

 

ОПТД-дің бас дәрігерлері және облыстың бас фтизиатрлары болып :

 

1939 жылдан 1959 жылға дейін Позднякова Ксения Александровна,

 

1959 жылдан 1960 жылға дейін Бритвина Елизавета Семеновна,

 

1960 жылдан 1963 жылға дейін Грязнова Юлия Дмитриевна,

 

1964 жылдан 1 987 жылға дейін Макренко Зинаида Даниловна,

 

1987 жылдан 1996 жылға дейін Шораев Қайсар Сәкенұлы,

 

1996 жылдан 1999 жылға дейін Әбілдаев Тілеухан Шілдебайұлы,

 

1999 жылдан 2002 жылға дейін Ким Валерий Михайлович,

 

2002 жылдан 2005 жылға дейін Егембердиев Қуандық Шаймерденұлы,

 

2005жылдан 2009 жылға дейін Әбілдаев Тілеухан Шілдебайұлы,

 

2009 жылдан 2015 жылға дейін Кабдрахимова Айман Ахраповна жұмыс істеді.Ал 2015жылдан бастап облыстық туберкулезге қарсы диспансерді Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы басқарады.