Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының кезекті медициналық отырысында ағымдағы жылдың 1 қарашасында  осы орталықтың дәрігер эпидемиологы Қарағаева Индира Тұрғынбекқызы тәуелсіз мемлекеттер достығы елдеріндегі (Украина, Россия)  күл (дифтерия) жұқпалы ауруы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық

ахуал туралы баяндама жасады. Яғни қазіргі кезде ТМД еледерінде туризмнің дамуы мен халықтың көші-қоны үрдісіне байланысты біздің елге және Жамбыл облысына осы жұқпалы аурудың келу қаупі барлығы хабарланды.

Аталған орталықтың медициналық қызметкерлеріне күл ауруының себебі (этиологиясын), эпидемиологиясы, патогенезі, диагностикасы, клиникасы мен емдеу шаралары бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар аталған жұқпалы аурудың негізгі алдын алу шарасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 Қаулысымен бекітілген Профилактикалық егулер жүргізу күнтізбесіне сәйкес жасалған күлге қарсы екпе (вакцина).

Орталықта емделіп жатқан науқастар мен қызмет жасап жүрген медициналық қызметкерлердің денсулығын сақтау мен қорғау мақсатында күл жұқпалы ауруының алдын алу (профилактикалық) және індетке қарсы шараларды қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.